Жарияланды: 12.11.2018

Алма Архабаева: «Аsyl arman» корпорациясы консалтинг саласында жиі бой көрсетіп жүр

«Asyl Arman» корпорациясы бүгінде консалтинг, сауда секілді салаларда жиі бой көрсетіп жүр, жақында ауыл шаруашылығына да қадам басты. Ал бұл кәсіптің іргетасы 2005 жылы қаланған.  Кәспіорын басшысының бірі —  Алма Архабаева. Қазір «Asyl Arman» брендімен пайдалы шөптер, бал мен басқа да табиғи компоненттерден құралған биоқоспалар шығарылады. Мұнда бал және майдан жасалған бальзамдар, шөп шай, қара тмин майы, сұйық кальций, сорбент гель, эфир майлары, шөп қосылған көк шай, косметикалық бальзамдар, тазалыққа қажетті тауарлар – бас-аяғы 60 түрлі тауар түрі өндіріледі. Оның барлығы тамақ қоспаларының мемлекеттік реестріне енгізілген. Сапасын қазақ тағамтану академиясы растаған. Халал стандартына сай. «Asyl Arman» өнімдері талай көрмелерде топ жарып жүр. Талай додада үздік өнім атанған. Ерлі-зайыпты кәсіпкерлер бизнестегі ізденісін сонау

Бүгінде компания «Phyto-Apipharm», «Зерде-Фито», «Темірлан-май» секілді отандық өндіріс орындарымен әріптестік орнатқан. Сұйық кальций мен эфир майлары «Асыл арманның» «Fortex-KZ» және «Asyl Arman Herbs» атты өз компанияларында шығарылады. Әр өнім міндетті түрде клиникалық апробациядан өтеді. Арада сегіз жыл өткенде компания әлеуетті корпорацияға айналды. Оның құрамына саналуан саладағы 9 компания кіреді. Бүгінде «Асыл арман» бірнеше юбағытта дамып жатыр, атап айтқанда консалтинг, сауда-саттық, өндіріс. Мысалы, «Асыл арманға» тиесілі «Жетістік академиясы» тренинг орталығы бірнеше рет бүкіл әлемге танымал бизнес-тренер Брайан Трейсидің семинарларын өткізіп, зор абыройға ие болды. Сонымен қатар, қайырымдылықпен де белсенді түрде айналысады. «Бұл компанияның тарихы 20 жыл бұрын, Ресей және француз кәсіпкерлерімен кездескен кезде басталды. Ол заманда бизнес деген өңім түгілі, түсіме де кірмеген еді. Олар түрлі кедергілерге қарамастан бизнес толқынын Қазақстанға әкелді. Сол сәттен бастап өмір мен бизнестің мәнін зерттей бастадым. Алғаш рет адамдардың денсаулығы жайлы ойландым. Компанияны ашқан кезде біз халықтың денсаулығын жақсартуды ойладық», — дейді Алма Нұралқызы.

1 341 қаралым