Жарияланды: 12.11.2018

Спорт бала денсаулығының кепілі

Спорт- бала денсаулығының кепілі. Болашақ ұрпақ саулығын қолға алған Сарыағаш ауданы келес елдімекенің тұрғындары кіші футболдан сайыс ұйымдастырды.  Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткен спорттық бәсеке — «Рухани келісім – бейбітшілік кепілі» деген атаумен өтті. Сайысқа аудандық «Ешан ата» мешіті ұжымы және жамағаты, сондай-ақ №13 колледж оқушылар және Келес аудандық жастар ресурсттық орталығы мамандары бақ сынасып, өзара мықтыны анықтады. Сайысқа қатысушылар топ болып командаға бөлініп өнер көрсетті. Мемлекетіміздің басты стратегиялық бағыты – рухани келісім мен татулықты сақтау болып табылады. Бұл мереке ең алдымен ауданымызды ауызбіршілікке, татулыққа, ізгілікке бастайтын мереке. Еліміздің болашағы үшін сыйластықты сақтай отырып жұмыс жасау керек. Сондай-ақ, мерекелік іс-шарада ауданық «Ешан ата» мешітінің имамы жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді. Жалпы сайыс қорытындысы бойынша жеңімпазда анықтау қиынға соқты. Шаршы алаңға шыққан аяқ доп шеберлері қызықты ойын өрнегін көрсетіп, үздіктер жеңіске жетті. Жеңімпаз командаға арнайы кубок табысталып, сайысқа қатысқан азаматтар алғыс хаттармен марапатталды.

 

 

1 873 қаралым