Елбасы жолдауында келер жылды жастар жылы деп атап өткені баршаға мәлім. Осыған байланысты жергілікті атқарушы билік игі шараларды қолға алынды. Мәселен Созақ ауданында коворкинг орталығы ашылды. Бұл мекеме шалғай аудандағы өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына үлкен септігін тигізеді. Коворкинг орталығы — семинар, конференция, іскерлік кездесулер мен мәдени шаралар өткізуге таптырмас орын. Аталған орталық жастардың шығармашылығын одан әрі дамытуға жол ашады. Топпен жұмыс істеуге арналған аумақ, жылдам интернет пен тегін вай-файмен жабдықталған.
Кітапхана өз қолданушыларына қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуге дайын. Мұндағы шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойындарын ойнау арқылы балалар ойлау, жылдам есептеу дағдыларын дамыта алады. Өңірдің танымал тұлғалар, кәсіпкерлер жеткен жетістіктерімен мол тәжірибелерімен де осы жерде бөлісетін болады.
Білім орталығының ерекшелігі көп, Кітап оқып еркін демала аласың. Интернетпен кез-келген уақытта мәлемет ала аласың. Шахмат басқа да ойындарды ойнауға мүмкіндік бар.
Жастардың бәсекеге қабілетті болуына жағдай жасайтын жоба, «Нұр Отан» партиясының қолдауымен жүзеге асып отыр. Игі бастама алдағы уақытта халық көп шоғырланған Созақ, Таукент елді-мекендерінде жүзеге аспақ.