Жарияланды: 07.12.2018

Жастар тарихымызды терең тануы керек

Өзге халықтар жаяу жүргенде Ұлы дала балалары атқа қонды. Ат үстінде ыңғайлы болсын-деп шалбар киді. Әр мемлекет тарихын танып ғана асулардан асады. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты маңызды еңбегі Түркістан облысында кеңінен насихатталуда.

 Мақалада еліміздің бай тарихын бүгінгі күнге ұштастырудың жолдары мен қағидаттары жан-жақты сараланған. Тарихымызды  терең зерделеу үшін аса қажетті 6 ірі жобаның бастау алатындығы жайлы жазған. Мұрағат саласын кешенді дамыту мақсатында «Архив-2025» бағдарламасы басталады. Онда Ұлы даланың ұлы тұлғалары ұлықталмақ.  «Жапония — күншығыс елі. Корея — таңғы шық елі. Қытай – аспан асты, ал, Қазақстан  — ұлы дала елі. Ұлы дала, мәңгілік зеңгір көк аспан. Біртұтас түс біздің елімізді біріктіре түседі», — деді Елбасы бұл еңбегінде. Президенттің терең әрі көлемді тарихи зерттемелерді іске қосу бастамасын Түркістан облысындағы білім ордаларының ұжымы қолдап отыр. Өңіріміздегі мектеп басшылары  тарихымызды әсіресе өскелең ұрпаққа ұғындыру керекпіз –деп отыр. Себебі бүгінгі жас келешшектің кемелі. Тарихын терең тартқан бәйтерек тұғырлы ғұмырлы болмақ. Сондықтан жастар Ұлы дала елімізді тарихы тұнған жерімізді терең тану керек.

 

1 140 қаралым