Жарияланды: 07.12.2018

Отырар ауданында 500-ге жуық оқушыға тәрбие жұмыстары түсіндірілді

Түркістан облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының және Отырар аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен кәмелетке толмағандар мен жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстық алдын-алу бойынша және отбасындағы ата-ананың ролі жайында 2018 жылдың 6 желтоқсанында Отырар ауданында орналасқан білім беру мекемелерінің 500-ге жуық оқушылардың қатысуымен кездесу өткізілді. 
Кездесудің мақсаты аудан, қалаларда орналасқан білім беру мекемелеріндегі жасөспірімдер мен жастар арасында құқық бұзушылықтың және қыздар арасында ерте жүктіліктің, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында есірткіге қарсы зиянды психотроптық, күшті әсер ететін немесе улы заттардан, алькоголдік ішімдіктерді қолданудың алдын алу, түрлі керағар діни ұйымдардың іс-әрекеттерінен қорғау және діни экстремизммен терроризмнің алдын алу бағыттарын түсіндіру. 
Оқушы жастармен кездесуге Түркістан облыстық Ішкі істер департаментінің Жергілікті полиция қызметінің полиция инспекторлары, Түркістан облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының, облыстық денсаулық сақтау, дін істері басқармасының теолог мамандарының қатысуымен жасөспірімдер мен жастарға ҚР қолданыстағы Заңдары аясында түсіндірілді. Сонымен қатар, ерте жүктіліктің алдын алу, діни радикализмнен сақтандыруға арналған бейнефильмдер мен слайдтар көрсетілді.
Кездесуге қатысқан облыстық басқарма өкілдеріне жасөспірімдер мен жастар өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауаптарын алды.

986 қаралым