Жарияланды: 23.11.2018

Түлкібас ауданында «Tulkibas Vine» атты медиа – жобасы өткізілді

2018 жылдың 23 қарашасы күні Түлкібас аудандық ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Tulkibas Vine» атты медиа – жобасы өткізілді. Байқаудың мақсаты: жастардың шығармашылық қабілетін дамыту, талантты, дарынды жастарға қолдау көрсету, қоғамда заманауи жастарды тәрбиелеу бағытының жаңа жолының пайда болуы, жастардың әлеуметтік желіні дұрыс пайдалана білуі, ауданда жас вайнерлерді шығару, идеологиялық бағыттағы идеяға бай жастарды қалыптастыру болып табылады. Осы іс-шараға ауданымыздың 17 мектебі қатысып, байқауға қатысушы мектептер  үш тақырыпта видео түсірген болатын: біріншісі — «Атадан қалған асыл сөз» видеоэстафетасы. Екінші — «Кең болсаң, кем болмайсын» атты мейірімділік тақырыбындағы вайн, үшінші — «Еркін» тақырыпта күлкілі вайн. Қазылар алқасы вайнерлердің актерлік шеберлігіне, көркемдік деңгейіне видеоның сапасына (аудио/видео) және мәніне жете көңіл аударып өз қорытындысын шығарды. І-орын Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектебі, ІІ-орын Абай атындағы мектеп лицейі, ал үшінші орынды Асанбай Асқаров атындағы ЖОМ-і иеленді. Байқау жеңімпаздарына төмендегідей орындар белгіленіп, арнайы диплом, сыйлықтармен марапатталады.

1 102 қаралым