Жарияланды: 21.11.2018

Ауыл жастарының белсенділігін арттыру

Ағымдағы жылдың 21 қараша күні Түлкібас аудандық  «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және Жалында жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Б.Садықов атындағы жалпы орта мектебінде «Ауыл жастарының белсенділігін арттыру» атты тренингі өткізілді. Тренинг барысында «Жалында жастар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сардор Исманов ұйымды толықтай таныстырып өтіп, ұйым жайлы әсерлі видеороликтер көрсетіліп,»Ауыл жастарының белсенділігін арттыру» жобасы жайлы презентациялар көрсетіліп, оқушылармен сұрақ жауап алмасып жоғары деңгейде өткізілді. 

Сондай-ақ, халықаралық студенттер күніне орай «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және Түлкібас аудандық «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен 2019 жыл – Жастар жылын өткізу бойынша ұсыныстар мен пікірлер айту,ауданымызда жастар саясатын дамыту, бастамашыл жастарды айқындау, жастар арасында патриотизмді дамыту, дарынды, студенттерді қоғамдық өмірге тарту мақсатында «Жастар жалыны» атты Түлкібас ауданы студенттерінің  І слеті өткізілді. «Жастар жалыны» атты Түлкібас ауданы студенттерінің І слётінің спикерлері Түркістан облысы «Жас Отан» Жастар қанатының төрайымы Намаз Жұлдыз Алмазқызы, «Ауыл және жұмысшы жастар» жастар ҚБ төраға орынбасары Джамалов Асылбек Досмұхаммедұлы, Ауданымыздың ең жас әкімі, Балықты ауылдық округінің әкімі Арман Жақсылықұлы Үркембаев, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары аумақтық штабының жетекшісі, ОҚО бойынша 2017 жылджың үздік студенті Джолбасханов Ислам Талипұлы, «Нұр Отан» партиясы Түлкібас аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Әдиат Ердәулет Ералыұлы жастармен еркін пікір алмасты. Слет қорытындысы бойынша айтылған ұсыныстар мен пікірлер негізінде Түлкібас ауданы студенттерінің «Резолюциясы» қабылданды.

1 091 қаралым