Жарияланды: 19.11.2018

Қыз балалар тәртібі қаралды

Отырар ауданы Аққұм ауыл округі С. Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінде жеткіншек қыз балалардың келеңсіз жағдайлармен жат қылықтардың алдын алу мақсатында жоғарғы сыныптың қыз балаларымен кездесу өткізілді. Іс-шараға мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н. Момбекова, мектеп психологы Н. Құдіреттулдаева, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психолог маманы Г. Жантілеш қатысты. Кездесу барысында қоғамда белең алып отырған жасөспірімдер арасындағы аутодиструктивті оқиғалар (өз-өзіне қол жұмсау), ерте жүктілік, қыз тәрбиесі жөнінде түсіндіріліп, бейнероликтер көрсетіліп баяндама жасалса, оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, қызу пікір алмасты.

Сонымен қатар, осы аталған мектепте «Ислам- бейбітшілік діні» тақырыбында оқушылармен кездесу жиыны өтті. Іс-шараға ауыл имамы Б. Құттыбеков аудандық «Жастар ресурстық» орталығы КММ-нің теолог маманы Д.Есенгелді қатысып, өз сөздерінде Исламдық жолды ұстанған ата-бабаларымыз осы дінге лайықтап өз әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, наным-сенімін қалыптастырған, әрі оны ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып отырғандығын толыққанды түсіндіріп өтіп, өскелең ұрпаққа, елдің ертеңі болатын жастарға қолдан келгенше үлес қосып, болашағына сәттілік тіледі.

1 404 қаралым