Жарияланды: 26.11.2018

Оқушыларға түнгі уақытта бей-берекет жүрмеу тәртібі түсіндірілді

26 қараша күні Созақ аудандық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қолдауымен Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебі және Сызған ауыл округі жастар ісі жөніндегі әдіскері М.Маханбетовтың ұйымдастыруымен қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп оқушыларымен кездесу өткізілді. 
Кездесу барысында оқушыларға түнгі уақытта бей-берекет жүрмеу керектігі, болмаса ата-анасымен ғана жүру рұқсат екені түсіндірілді. Ата-аналар тарапынан да бала тәрбиесіне  көңіл бөлінбей отырғанын, кейбір ата-аналардың  жасөспірім балалары түн жарамға дейін далада жүрсе де іздемейтіндерін айтып, тәрбие жұмысына ең алдымен отбасы жауапты екенін баса айтты. Ал егер  түнгі уақытта жүрген жағдайда ата-анасы жауапкершілікке тартылатыны баса айтылды. Қылмыстардың дені түнгі уақытта белең алатыныны белгілі. Оқушылар бей-берекет жүрмейтініндерін айтып жеткізді. 
Шараның негізгі мақсаты – жастар арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу және кешкі мезгілде жасөспірімдердің ата-ананың қарауынсыз жүрмеуін қадағалау болып табылады.

 

1 577 қаралым