Жарияланды: 10.12.2018

Жастардың жұмысқа орналасу қабілетін арттыру мақсатында семинар-тренинг ұйымдастырылды

 

Елбасының «Еліміздің келешегі жастардың қолында» деген сөзі жастарымызға қандай жауапкершілік жүктеп отырғанын айқындайды. Жүктелген міндеттің ауыр жүгін арқалаған жастар ел тізгінін ұстауға, экономикасын дамытуға, бәсекеге қабілетті мемлекет құруға мұрындық болуда. Оған облыстық жастар саясаты мәселелерінің атқарып жатқан ілкімді істері дәлел. Таяуда «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығы» және жұмыспен қамту орталығының мамандары облыстық «Арнаулы кәсіптік колледжінде» жастардың жұмысқа орналасу қабілетін арттыру мақсатында (employability) семинар-тренинг ұйымдастырды. Семинарда жастар өмірлік маңызды дағдыларды, резюме жазу, сұхбаттасудан өту, enbek.kz, jumys.sitcen.kz порталымен жұмыс жасауды, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» біліп, мемлекеттік қызметке кіруді үйренді. Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік бағдарламалардан мол ақпарат алды. Бүгінде жастардың жұ­мыс­қа орналасуы өзекті мә­селе. Сол сияқты олардың бі­лім алуы да маңызды деп білеміз.

1 120 қаралым