Жарияланды: 13.11.2018

Қылмыстан аулақ болуға кеңес берді

Үстіміздегі жылдың 13 қарашасында Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында колледж студенттері және мектеп оқушыларымен «Мектеп медиациясы» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Кентау қалалық сотының судьясы А.Дәуренбеков және кәсіпқой медиатор Жанна Пазылбекқызы мектепте жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, оларды болдырмау және мейлінше азайту, оның ішінде соттан тыс медиация тәртібінде дауларды шешудің маңыздылығын дөңгелек үстелге қатысушыларға түсіндірді. Жүздесудің мақсаты – жастардың құқықтық сауатын арттыра отырып, оларға қолдау білдіру. Әсіресе, жастар өздерінің құқықтарын қалай қорғауды біле бермейді. Құқықты бұзбау керек, егер қоғамда тәртіпсіздік болған жағдайда қандай шара қолданылатыны ескертілді. Қылмыстан аулақ болуға кеңес берді.

Қорытындылай келе, іс-шараға қатысушылар орта мектеп оқыту ұйымдарында сотқа дейінгі мектеп медиациясын дамытуға бағытталған біріккен іс-шара бойынша пилоттық жобаны жұмыс жоспарына енгізу бойынша бір ауыздан барлығы қолдайтындықтарын айтты.

1 091 қаралым