Жарияланды: 19.11.2018

Жасөспірімдердің аутодиструктивті мінез-құлқы қозғалды

Баланы жазылмас дерттен немесе төтенше жағдай кесірінен өмірден жоғалтып алсақ, ол ауыр қайғы, ал бала өзіне – өзі қол жұмсап, өмірден озса онда ол үлкен қасірет. Көгілдір экранда, әлеуметтік желілердегі балалардың өздеріне өзі қол жұмсауы жайлы хабарламалар қорқынышқа бой алдырады. Неге мұндай оқиға болды? Балалардың аутодеструктивті мінез-құлқын қалай анықтау керек және жасөспірімдердегі өзіне өзі қол жұмсаудың алдын алу керек? Осы сұрақтарға және одан да терең мазмұндағы сұрақтарға жауапты алу мақсатында ағымдағы жылдың 19 қарашасы күні Отырар ауданы Аққұм ауыл округі С. Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінде «Қызым үйде, қылығы түзде» атты тақырыпта кездесу өтті, келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу мақсатында жоғарғы сыныптың қыз балаларымен кездесу өткізілді. Іс-шараға мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н. Момбекова, мектеп психологы Н. Құдіреттулдаева, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психолог маманы Г. Жантілеш қатысты. Кездесу барысында қоғамда белең алып отырған жасөспірімдер арасындағы аутодиструктивті оқиғалар, суицид, ерте жүктілік, қыз тәрбиесі жөнінде түсіндіріліп, бейнероликтер көрсетіліп баяндама жасалса, оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, қызу пікір алмасты.

1 047 қаралым