Жарияланды: 16.11.2018

Жастарымызды теріс тәрбие мен жат ағымдардан аулақ ұстайық

 

16 қараша күні Отырар ауданына қарасты  Ақтөбе ауыл округі Қ. Мұңайтпасов атындағы жалпы орта мектебінде «Ислам- бейбітшілік діні» тақырыбында кездесу жиыны өтті. с-шараға ауыл имамы Қ. Есбердиев, аудандық «Жастар ресурстық» орталығы КММ-нің теолог маманы Д.Есенгелді қатысып отырды. Басқосуда ауыл имамы  жеткіншектерге Ислам – бейбітшіліктің діні және қантөгіс атаулының дінімізге жат екенін айтып өтті. Сондай-ақ асыл дініміз әр адамның ар-намысы мен өміріне зиян тигізбеуге, әр адамның діни сенімі мен түр-сипатына қарамай мейірімді, сыпайы болуға шақыратынына да ерекше тоқталды. Қазіргі таңдағы, әсіресе, жастарымыздың арасында діни сауаттылықты арттыру – діни алауыздықтан сақтандыратынын, жастардың діни уағызды кез-келген жерде кездейсоқ адамдардан естіп, соның нәтижесінде адасушылыққа тап болатынын баса айтты. Жастардың жат ағымның жетегінде кетпей, ислами дұрыс бағытта жүруінің бірден-бір ықпалы ата-ана тарапынан екенін де тоқталып, әрқашан да ата-ана мен бала бір-бірімен өте тығыз байланыста болулары керек деген тұжырымдама жасады. Исламдық жолды ұстанған ата-бабаларымыз осы дінге лайықтап өз әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, наным-сенімін қалыптастырған, әрі оны ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып отырғандығын толыққанды түсіндіріп өтіп, өскелең ұрпаққа, елдің ертеңі болатын жастарға қолдан келгенше үлес қосып, болашағына сәттілік тіледі.

 

 

 

1 109 қаралым