Ағымдағы жылдың 23 қараша күні Мақтаарал ауданы «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастамасымен Жаңажол ауылдық округі әкімі округ жастармен кездесті. Кездесуге жергілікті округке қарасты мектептерден өзін өзі басқару орталықтары, оқу озаттары, аудан, облыс, республика көлемінде танымал жастар, талантты жастар және жұмыссыз жастар, маригиналды жастар мен ата-аналар комитетінің төрағалары, ауыл ақсақалдары қатысты. Кездесу барысында жастарға қатысты өзекті тақырыптарда еркін пікірлер мен ұсыныстар айтылды. Мәселен, жастардың оқу барысындағы және көшедегі тәртібі, құқықбұзушылықтан сақтануы, жұмыссыздық мәселелері көтерілді. Бүгінде жастар мәселесі өзекті. Мұны Елбасымыз биылғы Жолдауында да тереңінен қозғап, келер жылдың «Жастар жылы» деп жариялауының өзіндік мәні бар. Әсіресе, ауыл жастары назардан тыс қалмауы тиіс. Бүгінгі кездесудің де басты мақсаты мен бағыты осы болатын. Жеткіншіктер мектеп қабырғасында жүрген кезінен бастап, кім болатынын, қандай мамандықты таңдайтынын бағдарлап, алдына үлкен мақсаттар қоя білуі керек. Талпынған жетер мұратқа. Егер бойында қоғамның жетістікке жететін азаматы боламын деген ұмтылысы болса, мемлекет қол ұшын созуға аянып қалып жатқан жоқ.
Жарияланды: 23.11.2018