Қазығұрт ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу комиссиясы отырысы өткізілді. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Бірінші мәселе «Жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу» бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы А.Үйсімбаевтың және Шарбұлақ, Қ.Сәтбаев мектеп лицейі, «Абай» жалпы орта мектептерінде орын алған өз-өзіне қол жұмсаулар туралы мектеп директорларының есептері тыңдалды.
Екінші мәселе бойынша Қарабау ауыл округінің әкімі А.Төлешов «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» туралы баяндама жасады. Қазіргі таңда бойында психикалық дамуы баяулаған, ашуланшақ, уайымшыл, өзін төмен санайтын, мінез-құлқында психопатологиялық формалар кездесетін оқушылар бақытсыз жағдайдың құрбаны болуға әкеліп соғады. Жан күйзелісіне шыдай алмау, жағдайдан шығудың жолын таппау, үмітсіздікке бой алдыру мен жеке басының дағдарысы, проблемада байланып қалу — осының бәрі айналып келгенде таңдауды тарылтып, өзіне-өзі қол салуға (суицидке) итермелейді. Сондықтан, бірінші кезекте мектеп ұжымы баламен жұмыс жасай отырып, ата-аналармен тығыз байланыста болуы керек. Ата-аналарды психологиялық сауаттандыру, ескерту. Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығын түсіндіру. Суицидтік мінез-құлықтың алдын-алу. Маңызды тапсырма осы.