Жарияланды: 16.11.2018

Төрт жасөспірімнің ата-аналарына ескерту берілді

Тәулік бойы тыным таппай, кәмелетке толмағандардың ісімен айналысатын тәртіп сақшыларының бірі — ювенальды полиция. Инс­пекторлар үнемі ата-аналар және оқушылармен  жүйелі түрде кездесулер өткізіп, еліміздегі заң нормаларын түсіндіреді. Әрі түнгі мезгілде жүретін жеткіншектерді бақылауға алып, олармен жұмыс жүргізеді.

Қазығұрт ауданында түнгі уақытта заңды өкілінсіз ойын-сауық орындарында, мейрамханалар мен тойханаларда, тұрғын үйден тыс жерлерде жүрген жасөспірімдерді анықтау мақсатында түнгі рейд жұмыстары ұйымдастырылды. Өткізілген іс-шараның мақсаты жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың алдын алу,  кәмелетке  толмағандардың  түнгі  мезгілде  беймезгіл жүрулерінің алдын алу болып табылады. 
Іс-шара барысында аудан орталығындағы саябақтар, көп қабатты тұрғын үйлер аулалары, интернет клубтар, дүкендер және орталық көшелерде түнгі рейдтік шаралар жүргізілді. Рейд барысында дүкен иелеріне жасөспірімдерге алкагольдік өнімдер, темекі бұйымдарын сатпау және сатқызбау туралы түсіндірме жұмыстары жыл бойы тұрақты жүргізіліп келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.Рейд нәтижесінде заңды өкілінсіз жүрген төрт жасөспірім анықталып, ата-аналарына ескерту берілді. 

1 016 қаралым