Жарияланды: 13.12.2018

Өмірге деген құштарлығы орасан бала

Төлеби ауданында орналасқан «№ 7 Тасарық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» тәрбиеленушісі, алтыншы сынып оқушысы Рахман Нышанғалидің өнеріне мұғалімдері мен қатарластары тәнті болады. Себебі, мүмкіндігі шектеулі болса да, тағдыр сынына мойымай, өзінің сүйікті ісімен айналысып отырған бүлдіршінге қызыға да қуана қарайсың. Нышанғалидің туабітті кішкентай кезінен екі қолы жоқ, дегенмен суретті аяғымен өте керемет етіп салады. Оның осыншалықты өмірге деген құштарлығы, мұқалмас жігері өз замандастарына ой салып, үлгі боларлықтай. Өмірде туасылы мүгедек болса да, табыстар мен биік шыңдарды бағындырған танымал тұлғалар көп. АҚШ-тың 32-ші президенті Франклин Рузвель мүгедектік арбада отырып, мемлекеттің саяси ахуалына араласа білген. Әлемге әйгілі композитор Бетховеннің құлақ мүкістігі болған, яғни құлағы естімеген. Кристи Браун орнынан тұрып жүре алмаса да, танымалдығы артқан суретші болды. Ол суретті сол аяғымен салған және ол туралы кинофильм түсірілді. Міне, бұлар әлемге атын әйгілеп ғана қоймай, өз талантын мойындата білген. Нышанғалидың қасында өзіне қамқор болатын, өнерге жетелейтін ұстаздары бар. Нышанғалидің келешекте атақты суретші болатынына сенім білдіреміз. 

1 180 қаралым