Жарияланды: 23.11.2018

«Дәстүрлі құндылықтар керуені» Түлкібас ауданында

Еліміз егемендігін алған соң ата-бабаларымыз армандаған биік мақсаттарға қол жеткізіп келеміз. Соның ішінде еліміздің рухани байлығы тілге, дінге деген құрмет ерекше мән беріліп келеді. Дін – нәзік әрі күрделі мәселе. Өйткені, діни сенім адам құқығының ежелден келе жатқан табиғи феномені. Діннің еліміздегі бірліктің бір діңгегі әрі рухани тірегі болуына ел Президенті мен Үкіметі тарапынан ұдайы назар аударылып келеді.
Күні кеше Елбасымыздың жариялаған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында біздің тарихымызбен дәстүріміз туралыда кенінен тоқталған.
Ауданымыздағы дін саласындағы тұрақтылықтың қамтамасыз етілуіне, ынтымақ пен бірліктің артуы бағытында аудан көлемінде біршама нәтижелі жұмыстар атқарылуда.
Бүгінгі таңда ауданымызда Қазақстан мұсылмандар діни басқармасына қарасты 48 мешіт жұмыс жасауда. Ауданымызда діни ахуалды тұрақты деп сипаттауға болады.
Бүгін облыс әкімінің арнайы тапсырмасына сәйкес, облыс аумағында ұйымдастырылып жатқан «Дәстүрлі құндылықтар керуені» тақырыбындағы көшпелі жиынның мақсаты:
— Облыс тұрғындарының мәдени және рухани сезімдерін қалыптастыру.
— Деструктивті діни ағым жақтастарын Қазақстандық қоғам құндылықтарына бейімдеу;
— Мемлекет пен дін арақатынасындағы зайырлық ұстанымы бойынша халықты ақпараттандыру болып табылады.
Керуен құрамында: Түркістан облысы дін істері басқармасы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мекемесі директорының орынбасары Бесбаев Мәди Әбзелбекұлы, Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, Халық шығармашылығы орталығының бөлім басшысы Мамытханова Шолпан Құрманғазықызы және басқада белгілі азаматтар келіп еркін форматта әңгіме сұқбат түрінде жиын өткізді.

1 305 қаралым