Жарияланды: 19.11.2018

Зорлық-зомбылықсыз балалық шақты қолдаймыз

 Балалық шақ адам өміріндегіұмытылмайтын қызықты да бақытты кезең. Сондықтан да әрбір қараша үйдің түтін түтеткен ата – ана көздің ағы мен қарасындай перзентінің өмірдегі осынау сәттердімүмкіндігінше есте қаларлықтай етіп өткізуді ойластырады. Осы орайда Ағымдағы жылдың 19 қараша күні Сарыағаш ауданы Жарты төбе ауылдық округіне қарасты №59 және Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектептерінде » Зорлық зомбылықсыз балалық шақ. Біз зорлық зомбылыққа қарсымыз» тақырыбында кездесу болып өтті. Кездесудің мақсаты — оқушыларға зорлық – зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәні үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуін тәрбиелеу Кездесуге Сарыағаш аудандық емхана психологы А.Алтынбекова, Мәдениет және Денсаулық психологы М.Есенбекова, Жарты төбе а.о психологы А.Ташенова қатысты. Жиын соңында психологиялық жаттығулар жасады.

1 737 қаралым