30 қараша күні Түркістан жоғарғы аграрлық колледжінде «Әйелдерге қатысты Зорлық — зомбылықсыз 16 күн » атты іс — шара өткізілді. Аталмыш іс -шараны колледждің білім алушыларымен Әйелдерді зорлық — зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция майоры Моминова Гүльчеxра Октамбековна, полиция майоры Бектемисова Гүльвира Түлейбергенова, полиция майоры Төреxанова Ақмарал Төреxанқызы, полиция лейтенанты Тойшиева Бубира Турдиевна жүргізді. Бүгінгі студент жастар — ертеңгі отбасының тұтқасын ұстар отағасы мен отанасы. Олар шаңырақ көтеруге дайын ба? Отбасындағы жауапкершілікті сезіне ала ма? Отбасындағы татулық — сыйластықтың негізінде құрылады. Бір-біріне дегене сый-құрметі жоқ, мейірімі аз жанұяда ұрыс-жанжал, зорлық көрсету, әсіресе әйел мен балаға зәбір көрсету белгілері орын ала бастайды. Міне, осындай жағдайда қалай тығырықтан шығу керек, сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қалай алдын алуға болатыны жөнінде заң тұрғысында құнды кеңестер айтылды. Студенттер көкейінде жүрген сауалдарын қойып, пікір алмасты, зорлық-зомбылыққа қарсы екендерін айтты.
Жарияланды: 30.11.2018