Аша Матай тікелей эфирде ұятқа қалды 

Белгілі әзілкеш Нұрболхан шуға толы “Қалаулым” бағдарламасының өтірігін әшкереледі. Ол тікелей эфирде болған жайтты жариялап, Аша Матайдың жүргізушілік қабілетіне күмән келтірді, деп жазады Stan.kz.

Видеода Аша Матай құлағына сыбырлаған сценаристің сөздерін айна-қатесіз қайталайды. Осыған қарап әзілкеш “Қалаулымның” шынайылығына күмән келтірді.
“Разоблачение Қалаулым! Ашаның құлағындағы ушканың даусын басып қойса қайтедi. Ар жағындағы сценаристiң даусы головной микрофонға естiлiп тұр ғой, қасқа. Сонда, Аша өз ойынан ештеңе айта алмайтын боп тұр ма? Әлде, сол жерде болып жатқан ситуацияны сипаттап бере алмай ма өз сөзiмен?” – дейді ол.
Нұрболханның аталған жазбасы желіде қызу талқыға түсті.
“Аша, ұят болды мынауың, енді мойында қалаулымның өтірік екенін”, “Ұят, Ашадан ондайды күтпедік”, “Енді Аша ханым түсіндіріп кетсе болар еді, бұл қалай сонда? Бүкіл қатысушыларға да осылай айтып отыра ма? Түсінбедік, кімді алдап жүрсіздер? Ол халқыңызды ақымақ санап жүргендеріңіз бе?” – деп ашуланды желі қолданушылары.

205 қаралым

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*