Жарияланды: 04.02.2019

ҚР Президенті көлік салығының өсімін алып тастауды ұсынды

Н.Назарбаев жек тұлғаларға салық амнистиясын қолдануға тапсырма берді.

Елбасының айтуынша, бүгінде 1.3 миллион қазақстандық көлік, мүлік және жер салығын төлемеген.
«Бұл 17 миллиард теңге, оның 5 миллиарды өсім ақысын құрайды. Мен бұрында мына 5 миллиард өсімді қарастыратын (шығарып тастау — Kolesa.kz ескертп.) жеке тұлғаларға қатысты салық амнистиясын жасау керек деп үкіметке айтып, тапсырма да бергенмін. Егер (борышкер) негізгі салық сомасын төлеген жағдайда», деп Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда көлік салығы туралы ескертуді SMS арқылы жіберу жоспарлануда. Бұл жаңа жүйе осы жылдың соңына дейін іске қосылуы тиіс.

1 282 қаралым