Жарияланды: 23.11.2019

«Денсаулық» пойызы Шымкентке жетті

«Денсаулық» пойызында дәрігерлер қараша айының 23 мен 24 аралығында Қызылсай станциясында тұрғындарға медициналық көмек көрсетеді.

Медициналық бригада құрамында терапевт, педиатр, невропатолог, окулист, ЛОР, гинеколог, хирург, уролог, маммолог, стоматолог сияқты жиырмаға жуық дәрігерлер бар.Сондай-ақ пойызға медициналық көмекке келген тұрғындарға медициналық сақтандыру жүйесінің жұмыстары туралы кеңінен түсіндірілуде. Медициналық сақтандырудың мақсаты халыққа қажетті қызметтің барлық түрлерінің қолжетімділігін арттыра отырып, әртүрлі тетікті пайдалана отырып, медициналық қызметтің сапасын көтеру және бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласындағы қаржыландыру, тұрақтандыру, сол арқылы денсаулық сақтау тиімділігін, нәтижелілігін арттыру.

Айта кетейік, пойыз заманауи диагностикалық құралдармен жабдықталған, оның ішінде компьютерлік спирометрлік жүйемен, эхоэнцефалографпен, диагностикалық жүктеме сынақтарын жүргізу үшін кардиологиялық мониторинг жүйесімен, сондай-ақ рентген, стоматологиялық, ЛОР және офтальмологиялық жабдықтардың соңғы үлгілерімен қамтамасыз етілген.

828 қаралым