Қазіргі таңда Шымкентте ірі 9 базар бар. Олардың басым бөлігі заманауи үлгіде салынған. Үсті жабық, жаңбыр суы ағып кететіндей арықтар орнатылған. Жылу жүргізілген. Жалпы айтқандай базар инфрақұрылымы заман талабына сай. Барлық жағдайы жасалған сауда орындарын дамыту базар басшыларының назарында. Қаладағы аумағы үлкен сауда орталықтарының басым бөлігінде автовокзал бар. Яғни,көпшілікке ыңғайлы.
Жарияланды: 26.11.2019