Шымкент қаласындағы Темірлан тасжолы мен Мангелдин көшесі қиылысындағы жаяу жүргіншілерге арналған жерүсті өткелінің құрылысы биылғы жыл аяғында аяқталады. Қаланың негізгі күретамыр көшесі болғандықтан мұнда көлік те көп, жаяу жүргінші де көп. Кешкі және таңғы мезгілдерде мұнад көлік кептелісі жиі орын алады. Жұмысты аяқтау үшін мердігер анықталып, оған қазынадан қомақты қаржы қаралды. Шымкент қалалық әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Абай Тұрхановтың мәлімдеуінше, қазіргі таңда өткелдің құрылысы аяқталуға жақын. Қазір онда тіреулер мен екі жақты байланыстыратын биік көпір орнатылды. Қолданысқа берілер күні де таяу.