Бүгінде Шымкент қаласында техникалық кәсіптік білім берумен 1196 адам қамтылған. Жыл соңына дейін барлығы 2000 адамды оқыту жоспарланып отыр. Ал, қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен 4005 адам қамтылса, олардың 2035-і оқуды аяқтаған. 323-і жұмысқа орналасса, 146-сы грант иегері атанған. Шымкент қаласында кәсіпкерлікті жаппай дамыту жоғары деңгейде жүргізілуде.
Жарияланды: 27.11.2019