Жарияланды: 27.11.2019

Сапалы су жеткізілмек

Түркістан облысынан Шымкент қаласына қосылған елдімекендерге жол салу, газ тарту, электр жарығымен және ауыз сумен қамту бүгінде қала әкімінің басты тізімінде тұр. Осы мәселелерді шешу үшін республикалық бюджеттен 6,2 млрд. теңге қосымша қаражат бөлінуде. Желтоқсан айына дейін Айкөл, Ақжар, Сайрам елдімекендеріне сапалы ауыз су жүргізіледі. Оған қоса Достық шағынауданынан басталатын магистралды су құбыры аяқталып, нәтижесінде Ынтымақ, Жаңатұрлан, Батыс елдімекендеріне су жеткізілмек. Шымкент қаласындағы Тұран шағынауданындағы «Әдия» және «Отау» тұрғын үй кешендеріне баратын жол құрылысына да қосымша қаржы қаралды. Жалпы, алдағы уақытта шалғайдағы елдімекендердің жол-инженерлік инфрақұрылым жүйелеріне қаржы қаралатын болады.

721 қаралым