Халықты жұмыспен қамту бағытында, 2019 жылы 15 мың жұмыс орнын ашу жоспарланып, бүгінгі күнге 11,2 мың жұмыс орны ашылды. Нәтижесінде, жұмыссыздық деңгейін жоспарлы 5,1 пайызға ұстап тұруға мүмкіндік берді. Сонымен бірге, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасына 5,6 млрд. теңге қаржы бөлініп, 28,0 мың адам бағдарламамен қамтылды.Шымкент қаласында инфрақұрылымды дамыту мақсатында, 8 су нысандарының құрылысы жүргізіліп, жылдың соңына дейін 4 нысан пайдалануға берілетін болады. Нәтижесінде, орталықтандырылған сумен қамту деңгейін — 94,7 пайызға жеткізу жоспарлануда.