Жарияланды: 27.11.2019

Автомобиль жолдары саласын дамыту үшін…

2019 жылы автомобиль жолдары саласын дамыту үшін Шымкент қаласының бюджетінен 8,2 млрд теңге қаржы қарастырылып, 91 нысан құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылуда. Тұрғын үй құрылысы саласында бюджет есебінен 3 578 пәтерлі 59 арендалық және кредиттік тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 1 554 пәтерлі 27 тұрғын үйді халық игілігіне беру жоспарланған. Одан бөлек, жеке инвесторлар есебінен 1 293 пәтерлі 26 коммерциялық тұрғын үй пайдалануға беріледі. Жылдың соңына дейін көрсеткішті 470 мың шаршы метрге жеткізу жоспарлануда.

966 қаралым