Жарияланды: 27.11.2019

Әр аудан секторға бөлінеді

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов арнайы әлеуметтік карта құруды тапсырған болатын. Ірі мегаполистер үшін аса маңызды карта Шымқаланың өзекті мәселелерін шешуге арналған. Қазіргі таңда, Шымкент қаласы әкімдігінің мамандары аса маңызды құжаттарды әзірлеуге кірісіп кетті. Бұл құжаттың қаланың қарыштап дамуына мол септігін тигізбек. Әр ауданның құрылымы, қажетті инфрақұрылым жіті зерттелетін болады. Ол үшін әр аудан секторларға бөлінеді. Қаладағы аудандардың да, шаһар аумағына қосылған 41 елдімекеннің де инфрақұрылымын дамыту басты назарда болмақ. Шалғайдағы аудандардың жолдары, инженерлік инфрақұрылымы, құрылысы мен әлеуметтік нысандарды абаттандыру секілді мәселелері шешімін табуы тиіс. Осы мақсатта жекеменшік инвесторларды жұмылдыру керек.

857 қаралым