Шымкенттің іргесінде аудандардың құрамынан өткен ауылдар көп. Ақжар және Айкөл елдімекендері кезінде Төлеби ауданының құрамында болған. Кейіннен Шымкент қаласының қарамағына өткен болатын. Осы кезге дейін аталған ауылдарда ауыз су мәселесі өзекті болып келген еді. Жыл соңына дейін Ақжар, Айкөл елді-мекендеріне ауыз су толығымен жеткізілетін болды. Аудан аумағындағы 34 елді мекеннің 76.6 пайызы ауыз сумен толық қамтылған, 23,5 пайызы құдық және тасымалды ауыз суларын пайдаланады. Ақжар, Айкөл елді мекендеріне «СодбиСтрой» мекемесінің көмегімен ауыз су жүйелері тартылып, 2019-2020 жылдары халыққа толық пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Осылайша аталған ауылдар инфрақұрылыммен толық қамтылған ауылдардың қатарына енетін болады.
Жарияланды: 27.11.2019