Жарияланды: 27.11.2019

Ескі қалашық туристерге тартымды орталық болмақ

2020 жылы Шымкент қаласы ТМД елдерінің мәдени астанасы болуына байланысты үшінші мегаполисте ілкімді істер қолға алынбақ. Ұлы ойшылдарының мерейтойларын атап өтуден бөлек жаңа нысандар пайдалануға берілетін болады. Шетелден келетін туристердің алдымен табан тірейтін орны талай тарихтан сыр шертетін Ескі қалашық болмақ. Ескі қамалдағы  құрылыс кезең-кезеңімен іске асырылуда. Амфитеатр мен сапар-орталығы келер жылдың наурыз айына дейін пайдалануға берілмек. Наурыз алаңы жақта этноауыл бой көтермек.

953 қаралым