Жарияланды: 27.11.2019

Туристерді көптеп тартудың жолы

Шымкент қаласының әкімдігі шырайлы шаһарымызға туристерді көптеп тарту жолында тартымды жобаларды қолға алып отыр. Бүгінде ескі қалашықта құрылыс қарқын алған. Бұл өз кезегінде көне тарихтан сыр шертетін нағыз орталық болмақ. Биылғы жартыжылдықта Шымқалаға жүз мыңнан астам турист келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25 пайызға артық көрсеткіш. Шымкентке табан тірейтін туристер алдымен Бәйдібек би ескерткішінен бастап, Қошқар ата өзені, дендросаябақ, Тәуелсіздік саябағын аралап, қаланың жаңа келбетіне қанығады.Ішкі туризмнің статистикасын  қорытыдылау нәтижесінде жарты жылдың ішінде Шымкентке 110 мың турист келіпті. Олардың басым бөлігі Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай мен Германиядан келеді екен.

1 085 қаралым