Жарияланды: 27.11.2019

Жылу жеткізу өз деңгейінде

Шымкентте «Қуатжылуорталығы-3» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны орталықтандырылған жылу жүйесінен жылытылатын 1889 көпқабатты үйдің барлығының элеваторына дейін жылу жеткізген. Жыл сайын қала әкімдігі «қыс шанасын жаз сайлап» жылу маусымы басталмай жатып кіріседі. Нәтижесінде жылумен қамту маусымында шағым арыздар азаяды. Шаһардағы көпқабатты үйлерге жылу беру қараша айының 25 жұлдызынан басталды. Мамандардың айтуынша бұл үйлердің элеваторына дейін жылу келіп тұр. Қала әкімінің тапсырмасы бойынша, бүгіннен бастап аудан әкімдіктері жылу жүйелерінде ақауы бар үй тұрғындарымен жұмыс жасауда.

1 004 қаралым