Көпбалалы отбасылардың жағдайы ұдайы Шымкент қаласы әкімдігінің назарында. Шымкенттегі аз қамтылған және көпбалалы отбасыларының үйлеріне газ құрамын өлшейтін аспаптар тегін орнатыла бастады. Бұл шаралар тұрғындардың қауіпсіздігі үшін қолға алынып отыр.Газ құрамын өлшейтін аспап аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға тегін орнатылды. Құралды орнату да тегін. Мамандар тегін орнатып берді. Төтеншеліктер мен әкімдік қызметкерлері «бұл шаралар тұрғындардың газдан улануын алдын алады» дейді.Жыл соңына дейін қаладағы тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардың барлығының үйлеріне осындай құралдар орнату жоспарланып отыр. Көпбалалы отбасылар қондырғыны орнатқысы келсе әкімшілікке өтініш білдіруі тиіс.
Жарияланды: 27.11.2019