Жарияланды: 27.11.2019

40 мамандық бойынша білім алады

Бүгінде Мемлекеттік «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. осы бағдарламаның арқасында кәсібінен нәсіп тауып жүргендер жетерлік. Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында белгіленген Мемлекеттік 505 мың теңге грант иелері марапатталды. Мемлекет «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының» бірінші бағытын кәсіптік-техникалық мамандарды даярлауға ерекше ден қойды.Бағдарламаға кез келген жұмыссыз, кәсібін ашпақ ниеті бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Және де қысқа мерзімді (3 ай) кәсіптік оқыту курстарында 40 мамандық бойынша білім алады. Курсты оқып бітірген азаматтар арнайы сертификатпен мемлекеттік гранқа қатыса алады.

806 қаралым