«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» Шымкент қаласында жоғары деңгейде орындалуда. Шымкентте кәсіпкерлер мен инвесторларға қызмет көрсететін бірыңғай орталық жұмыс істейді. Барлық қызмет түрін бір орталықта көрсетілетіндіктен мұнда келушілердің қарасы қалың. Орталыұ мамандарынан кеңес алу үшін 5 мыңға жуық адам жүгінген. «Бизнеске арналған үкімет» жобасын «SHYMKENT» ӘКК» АҚ-ғы және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы бірлесе жүзеге асырып отыр. Мұнда инвесторлар мен кәсіпкерлерге 9 бағыт бойынша қызмет көрсетіледі. Барлық қызмет түрі оңтайландырылған. «Бизнеске арналған Үкімет» нарықтағы өзгерістерді, мемлекеттік саясаттағы, экономикадағы, заңнамадағы өзгерістерді ескере отырып сәйкесінше үнемі жаңарып отырады.
Жарияланды: 27.11.2019