Шымкент қаласындағы Қ.Рысқұлбеков – Ғ.Иляев және Тәуке хан – Сайрам көшелерінің қиылысында «қызыл плюсті» қосымша реттеуші белгі-бағдаршам орнатылды. Бұл өз кезегінде жүргізушілердің қауіпсіз және тиімді қозғалу деңгейін арттыру мақсатында қойылып отыр.Заманауи жаңа бағдаршамның артықшылықтары көп. Егер аталған бағдаршамдарда «қызыл плюс» жанып тұрса, онда ол қарсы бағыттағы көлік құралдарының жүргізушілері үшін қозғалысқа тыйым салынғанын, ал солға бұрылып келе жатқан жүргізушілер қарсы көліктің өтуін күтпестен маневр жасай алатынын хабарлайды. Егер «қызыл плюс» жанбайтын болса, ол қарсы бағыттағы көлік құралдары үшін қозғалыс рұқсат етілгендігі, ал солға бұрылатын жүргізушілер қарсы көліктің жүруін күтуі тиіс екендігі туралы хабарлайды.
Жарияланды: 27.11.2019