Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, «Smart city» жобасын енгізу, ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптарды, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ведомствоаралық ақпараттық жүйені және мемлекеттік органдардың байланыс арналарын сүйемелдеу және қала аумағында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, оған қолжетімділікті қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіру, бизнес процестерін оңтайландыру, олардың сапасына ішкі бақылау жұмыстарын жүргізу сынды негізгі міндеттер қойылған.«Ақылды қала» жобасы 5 негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Олар денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және қауіпсіздік мәселелері қамтылған. 2018 жылы мемлекеттік бағдарлама аясында 15 жоба іске асырылды.Осы жобалардың іске асырылуының нәтижесінде медицина саласы бойынша барлық 36 медициналық ақпараттық жүйе енгізіліп, аталған денсаулық сақтау ұйымдары «қағазсыз аурухана» жүйесіне көшті. Соның ішінде, сұранысқа ие 3 қызмет автоматтандырылды. Мобильді қосымша арқылы тұрғындарға кезекті скринингтен өту туралы хабарлама жолдау мүмкіндігі іске қосылды. 97,4 пайыз қала тұрғынының электрондық денсаулық төлқұжаттары қалыптастырылды.
Шымкент келбеті