Шымкент қаласында бұл көрсеткіш 2019 жылдың 1 қазанына дейін 65 536 отбасын (324 877 адам) құрады. Нәтижесінде халықтың басым бөлігі қосалқы шаруашылығын дамытуда. Соның бірі — Перизат Ниязалиева. Үйінде тігіншілікті бастаған Шымкент қаласының тұрғыны Перизат Ниязалиева атаулы әлеуметтік көмек бойынша 300 мың теңгеден астам жәрдемақы алған. Мемлекеттен алған қаражатқа тігін машиналарын, оған қажетті бұйымдарын сатып алған. Осылайша дара кәсіпкерлігін дөңгелетіп отыр. Ол қазірге ұлттық нақыштағы көрпе, жастықтарды тапсырыспен дайындауда. Кәсібін жандандыру мақсатында instagram, вацап желісінен арнайы парақша мен топ ашқан. Мұның барлығы да «Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» арқасында мүмкін болып отыр.
Жарияланды: 27.11.2019