Жарияланды: 27.11.2019

Жұмыссыздар үшін тиімді шара қаладағы 4 ауданда өтеді

Шымкентте алиментін төлей алмай жүрген борышкерлерге арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Қалалық жұмыспен қамту орталығы мен прокуратура, әділет саласы өкілдерінің бірлесуімен өткен жәрмеңкеде 160 мекемеден 2 жарым мыңнан аса бос жұмыс орны ұсынылды. Айта кетейік, бүгінде қалада жұмыссыз ретінде алименттен қарызы бар 200 борышкер тіркелген. Мамандар екі қолға бір күрек іздеп келген азаматтарға бизнес ашудың тетіктерін де түсіндіріп, халықтың тұрмысын түзеу мақсатында қолға алынған мемлекеттік бағдарламаларды баяндады. Айта кетейік, бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі жыл аяғында да ұйымдастырылады. Жұмыс берушілер мен жұмыссыздар үшін тиімді шара қаладағы 4 ауданда өтеді.

773 қаралым