Шымкент қаласының жұмыс беруші экономикалық және индустриалдық аймақтарында орналасқан кәсіпорындарға, білім басқармасына қарасты және денсаулық сақтау басқармасына қарасты мекемелерге enbek.kz порталы арқылы тіркелу қажеттігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жалпы 2000 нан аса жұмыс берушіге кеңес беру жұмыстарын жүргізіп, олар порталға тіркеліп, бос жұмыс орындарын портал арқылы енгізген. Enbek.kz интернет-порталына Шымкент қаласы бойынша 2018 жылы жоспарға 1145 жұмыс берушілер тіркелу қажеттігі көрсетілген, жыл қорытындысы бойынша Шымкент қаласында Enbek.kz интернет-порталында 1173-тен астам жұмыс берушілер тіркеліп 102,4 %-ға орындалды. Enbek.kz интернет-порталында жыл басынан бастап 6000 бос жұмыс орындары жарияланып, 4226 азамат тұрақты жұмысқа жолдама алған.Қазіргі таңда 2071 жұмыс берушілер тіркелген. Enbek.kz интернет-порталында 2019 жылдың басынан бастап 16 966 бос жұмыс орындары жарияланып, 8703 азамат тұрақты жұмысқа жолдама алған. Бүгінгі таңда 4733 бос жұмыс орындары бар. Оның ішінде «Жұмыс берушілерден» — 1886, «Жұмыспен қамту орталығынан» — 83, «Жеке жұмыспен қамту агенттігінен» — 34, «Жұмысқа орналастыру бойынша онлайн алаңдарынан» — 2730 бос жұмыс орындары жарияланған.
Жарияланды: 27.11.2019