Шымкент қаласында заманауи тәсілдер мен технологияларды енгізу мақсатында жоғары оқу орындары жанынан 6 IT сынып ашылды (интелектуалды жүйелер, компьютерлік модельдеу, робототехника лабороторияларын қамтиды). Нәтижесінде мектепке дейінгі ұйымдарды цифрландыру мен жолдаманы «адамның қатысуынсыз беру» арқылы 68 233 бала қабылданып, азаматтардан түскен арыздардың саны 40% төмендеді, 3 — 6 жасқа дейінгі балалар арасындағы кезек 2,5 есеге азайды. Қазіргі таңда Шымкент қаласы әкімдігімен 188 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. 2019 жылдың екінші тоқсанында жалпы 2 043 493 қызмет ұсынылды. Оның ішінде 1 556 758 қызмет түрі электронды нысанда көрсетіліп отыр. Яғни жалпы қызметтердің үлесі 76,2%-ды құрады. Есепті мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым келіп түспеді. Сұранысқа ие 12 қызмет автоматтандырылса, 112 мемлекеттік қызмет бойынша Жол картасы бекітілді. Соның нәтижесінде жалпы саны 55 қызметті автоматтандырып, 57-ісін цифрлық жүйеге ауыстыру жоспарланған. Бұл жұмыстар да қарқынды түрде жүргізілуде. Сұрағыңыз өте орынды. Жоғарыда айтып өткендей, Шымкент қаласы болашақта «Smart city» мәртебесін иеленбек. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы атқарылған ауқымды жұмыстардың бірі.
Шымкент келбеті