Бүгінде Шымкент қаласының 2023 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасы жасалған. Басты мақсат қала тұрғындары мен қонақтарына мейлінше жайлы жағдай жасау. Қазіргі таңда жергілікті полиция жұмысын жүйелендіру мен білім саласында жаңалықтар енгізу бойынша біршама смарт жүйелер жүзеге асырылды. Ал биылға 16 жоба жоспарланған. Алғашқы кезекте «103» жедел медициналық көмек қызметін жаңғырту жобасы тұр. Аталған жоба «103» қызметін қазіргі заманғы жабдықтармен және арнайы автокөліктермен материалдық-техникалық жарақтандыруды және бірыңғай Саll-орталық құруды көздейді. Сонымен қатар, «112 бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметін» енгізу жобасы аясында «101», «102», «103» және «112» шұғыл қызметтер бірыңғай байланыс-орталығына біріктірмекпіз. Үшінші жоба – «109» мониторинг және ден қою қызметі. Аталған қызмет жергілікті атқарушы органның, оның құрылымдық бөлімшелерінің және қалалық қызметтердің азаматтармен ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, консультациялық қолдау көрсету және шұғыл емес сипаттағы оқыс оқиғаларды жоюға арналған. Алға қойған жоспарлар аясында кешенді медициналық ақпараттық жүйені енгізу арқылы медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жақсарту, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының қызметін автоматтандыру назардан тыс қалмайды.
Шымкент келбеті