Шымкенттегі ең ауқымды жобалардың бірейгейі IoT элеметтерін әлеуметтік нысандарға енгізу болып табылады.Бұл жоба әлеуметтік объектілерде (мектептер, балабақшалар және ауруханалар) жылыту маусымының мониторинг процесін автоматтандыруды қарастырады. Жоба аясында жылу беру маусымының барысын бақылау, әлеуметтік нысандарға электр энергиясын, суды тұтынуды есепке алу үшін есептеу құралдарын орнату іске асырылатын болады. Ал, «Ақылды квартал» – көпқабатты тұрғын үйлерде деректерді беру және «E-Shanyrak» АЖ-мен интеграциясы бар үйге ортақ есептеу құралдарын орнатып, ұсынылатын қызметтердің ашықтығы, нақты уақыт режиміндегі мониторинг, тұтынуды үнемдеу және көрсеткіштерді автоматты түрде жинау нәтижелеріне қол жеткізу мүмкіндігі енгізіледі.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруды диспетчерлендіру, «Ақылды көшені жарықтандыру», Қоғамдық көлікте электрондық билеттеу жүйесі, «Ақылды көлік тұрағы», «Сергек» интеллектуалды бейнебақылау жүйесі, жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, ғимараттарда QR – кодтарды орнату, «Электрондық архивті енгізу», ЕРАП жүйесін енгізу бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда. Алдағы уақытта да «Ақылды қала» жобасы аясында біраз күрделі мәселелер оңтайландырылған жолмен шешімін табатын болады.