Жарияланды: 27.11.2019

Қоғамдық көлік мәселесі кезең-кезеңімен шешілмек

Шымкент қаласында әлеуметтік маңызды 10 бағытқа жаңа қоғамдық көліктер жүре бастағанына да көп уақыт өте қойған жоқ. Одан бөлек, 138, 158, 45, 96, 16, 10 және 113 бағыттар бойынша да жаңа автобустар жолаушылар тасымалдауда. Жалпы шаһардағы қоғамдық көлік мәселесін кезен-кезеңімен шешу жоспарда тұр. Алда электронды билет жүйесін енгізу, цифрландыру бағытында бірқатар жобалар жүзеге аспақ. 7 бағыт жаңа автобустармен қамтылды Шымкентте 28 көлік компаниясы 83 бағытта, 1208 кестемен жолаушыларға қызмет көрсетеді. Шаһарда қоғамдық көлік бағыттарының жұмысын бақылау мақсатында, көлік компанияларының өкілдерімен бірлесіп рейдтік іс-шаралар өткізілуде.
Қала күніне орай «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы тарапынан мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде «Shymkent-Bus» автопаркі ашылған еді. Бүгінге дейін жоспарланған 300 жаңа автобустың барлығы жеткізілді. Жаңа автобус паркінде ЖМС, сервистік орталық, автожуу қызметі, жатақхана, медпункт және жүргізушілерге арналған асхана да қарастырылған. Автобустар салқындатқыштармен, пандустармен, бейнекамералармен, жолаушылар ағынының датчиктерімен, GPS-трекерлермен жабдықталған. Жолаушылардың жалпы сыйымдылығы – 56 адам, автобус ұзындығы – 8,5 метр. Қала күніне орай №138, 158 бағытта автобустар жолға шыққан-ды. Одан бері 45, 96, 16, 10 және 113 бағыттар жолға шығып, халыққа қызмет көрсетуде.

Шымкент келбеті

1 195 қаралым