Жарияланды: 27.11.2019

Насихат жұмысы жемісті

Қаратау ауданының әкімдігінде Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мамандары аудан тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргіздіЖиналыстың мақсаты: мемлекеттен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында «Халыққа әлеуметтік саладағы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі, сондай-ақ оларға берілетін жеңілдіктер, жәрдемақы, өзгеде әлеуметтік төлемдер туралы халық арасында түсіндіру, сонымен қатар электронды қызметтер алудың тиімділігін тұрғындардың әрбірінің назарына жеткізу және жұмыстарын насихаттау. Сондай-ақ, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын да түсіндіріп өтті. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
«Халыққа әлеуметтік саладағы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі, сондай-ақ оларға берілетін жеңілдіктер, жәрдемақы, өзгеде әлеуметтік төлемдер туралы түсіндіру ай сайын Шымкент қаласының төрт ауданы бойынша өтетін болады.Бүгінгі таңда Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының тарапынан 27 мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

728 қаралым