Жарияланды: 28.11.2019

Цифрландыру жүйесі енгізілуде

Шымкент қаласындағы қоғамдық көлік саласына да цифрландыру жүйелері енгізілуде. Мәселен, жолаушылар 2 ГИС қосымшасы арқылы автобустардың қозғалысын онлайн режимде көре алады. Нақты уақыт тәртібінде қоғамдық көлік қозғалысын бақылауға мүмкіндік бар. Бұл жұмыстарды қала әкімдігінің қолдауымен Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы және 2 ГИС компаниясы жүзеге асырып отыр.Бір айта кетерлігі, Шымкент қаласы 2 ГИС картасына қоғамдық көлік қозғалысын алғашқылардың бірі болып ендірді. Бұл жүйені сонымен қатар, РесейдіңМәскеу, Санкт-Петербург және Новосибирск қалалары қолданып келеді.Телефоныңызға жүктеген қосымшаға кіріп, аялдаманың белгісіне бассаңыз, картада автобустар пайда болады. Немесе іздеуде маршруттың нөмірін енгізсеңіз, қоғамдық көліктің қай жерде келе жатқанын және автобус жолын да көре аласыз. Бұл өз кезегінде аялдамада ұзақ уақыт тұрып қалу мәселесін жеңілдетеді.
Жүйе тек онлайн арқылы жұмыс істейді, сондықтан смартфонның ғаламторға қосылуы маңызды. Егер автобус кептелісте қалса немесе кез келген басқа себеппен маршруттан кетсе, өзгерістер 30 секундтан кейін картада бейнеленеді.

Шымкент келбеті

1 000 қаралым