Жарияланды: 28.11.2019

Электронды билет – уақыт талабы

Қалалық қоғамдық көлік бағыттарына электронды төлем жүйесін ендіру де уақыт талабы. Бүгінгі таңда, Шымкент қаласында «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы тарапынан «Алматы қаласының көлік холдингі» ЖШС-мен келіссөздер жүргізілуде. Бұл бағытта Жол картасы әзірленеді. Қалалық қоғамдық көлік бағыттарына электронды төлем жүйесін 2019 жылдан бастап, 2020 жылдың1 жартыжылдығында ендіру жоспарлануда. Басқарма мамандарының айтуынша, бұл жобаға инвесторлар қажет.Аталған жобаны енгізу арқылы жолаушыларға қолайлы жағдайлар жасалады, тасымалдаушылар табыстарының ашықтығын көрсетеді және бюджетке төленетін салық төлемдері артады.Ал қоғамдық көліктегі мәдениетті қалыптастыру бойынша апта сайын жиналыс өткізілуде. Негізінен, қала тұрғындары тарапынан әлеуметтік желілерден көп шағымдар түседі. Мәдениеттілікті сақтау – барлық компанияның тікелей міндеті.
Шымкент келбеті

867 қаралым