Жарияланды: 28.11.2019

Индустриялық аймақтар инфрақұрылыммен толық қамтылған

Шымкентте 2 индустриалды аймақ және «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы бар. Енді олардың қатары «Жұлдыз» индустриалды аймағымен толықпақ. Аймақ учаскелері толық жобалармен қамтылып, әрі қарай дамыту мақсатында 3-ші жаңа «Жұлдыз» индустриялық аймағын құру жұмыстары басталып кеткен. Жобада 2021-2013 жылдары 20 млрд.теңгеге 1000 жаңа жұмыс орнымен 20 жоба жүзеге аспақ.Жалпы индустриалды аймақтар құрылғалы бері бюджетке 10,9 млрд. теңге салық түскен. Оның ішінде 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында «Оңтүстік» индустриалды аймағы қатысушыларынан 1,3 млрд. теңге, ал «Тассай» индустриалды аймағы қатысушыларынан 96,8 млн. теңге салық төленген. Индустриялық аймақтар инфрақұрылыммен толық қамтылған.

 

1 000 қаралым